Айкерім Есенәлі ft Яков Фёдоров: халық пен шенеуніктер, саясат, қазақ тілі | AdminAnon Live
Арнайылап елордамызға барып қайттым. Айкерім мен Яковты қонаққа шақырып, өзекті тақырыптарды талқыладық.
Түсіруші топ: alemproduction
Нұрмаханның инстасы: nurmakhan_mukan...
Айкерімнің инстасы: yessenali_a...
Яковтың инстасы: yakovfedorov
ТАЙМ КОД:
0:00 Интро
0:32 Қонақтарды таныстыру
1:24 Референдумда дауыс бердік
2:02 Халық пен билік арасындағы коммуникация
4:37 Айкерім: «Бізде қазір трансформациялық кезең!»
9:21 «30 жылдық еңбекті жоққа шығару оңай…»
10:33 Халықта критикалық ойлау жоқ!
11:39 Неге ауылдарды араламасқа?
13:36 Шенеуніктер - әртүрлі
14:40 «Қазақстан халқына» қорының жұмысы
20:33 Халық пен шенеуніктер өз құқықтарын білмейді
22:26 Президенттен кейін бәрі мобилограф жалдап кетті
23:52 Шенеуніктер қарапайым тілде сөйлеуі керек
24:59 Қазір кез келген ақпаратқа сене беруге болмайды!
27:31 Біздегі стереотип: «Айқайсыз-шешім жоқ»
28:48 Біз бәріміз - халықпыз!
30:12 Оларды шақырсам, көрермендер мені жеп қояды…
33:27 Негізі басты мәселе - тіл мәселесі!
36:15 Тіл үйренушілерге қоғамдық көмек болса…
37:23 Айкерім: «Неге мен өз тілімді орысшаның ішінен таңдауым керек?»
40:38 Тіл - біріктіретін құрал болуы тиіс!
42:07 Балалардың орысша сөйлеуі - үлкен дерт
45:17 Тілдер арасында балансты сақтайтын орган керек
50:29 Қазақстанда әр адам минимум 500 сөз біледі
52:54 Қазақ тілін насихаттау өзіміздің қолымызда
54:14 “Орда”, “Ninety One” сияқты топтар тілге қызығушылық тудырды
55:44 Қазақша музыка жаңа тенденцияға айналды
57:25 Тілімізге заң тұрғысынан қолдау қажет!
59:50 Қазақтың мәдениеті әлемге тауар болуы керек!
1:02:20 Соңы…
#Халық #тіл #елподкасты
Nurmakhan Mukanuly
9 ай бұрын
Астанадан арнайы подкаст) Жақсылап қолдап жіберіңдерші)) ТАЙМ КОД описаниеде
Музыка по ушей
9 ай бұрын
халыкка сиз деп сойлерсин мумкин жургузуши
Serik Koishybay
9 ай бұрын
Apple Podcast-та барсыздар ма? Кейде ютубта қарап отыруға мүмкіндік жоқ
FENRIR.
9 ай бұрын
Сипаттамада*
Салтанат Чингизовна
9 ай бұрын
Яков қа арнайы Респект! Рахмет осылай тілімізді құрметтеп,барынша қазақша сөйлеп,ойын жеткізіп отырғанына!
bir tamśy...
9 ай бұрын
@Guli Tastan біреу "ә" десе құлдық сана дейсіздер. Тұнып тұрған комплекссіздер, барлық жерде кемсіту көріп тұрасыздар.... Ее, қоя салыңыздар... Еліміз аман болсын әйтеуір.
Салтанат Чингизовна
9 ай бұрын
@Guli Tastan Сол Ата заңындағы міндеттеріңді қазақ бола тұра қазақша сөйлемейтін ҚазаҚтарға міндеттеп алшы алдымен! Сенімен мына жерде сөз таластырып отыратын уақытым жоқ,әркімнің өз пікірі бар!
Guli Tastan
9 ай бұрын
@Салтанат Чингизовна Ата заңның Тіл туралы заңын гуглдан ашып қараңыз. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл Қазақ тілі, демек осы сөзбен толықтай қамтып айтылған Қазақстанда қай ұлт болсын қазақ тілінде мемлекеттік ұйымдарда т. б қоғамдық орындарда жұмыс орнында а тем более мемлекеттік қызмет атқарса қазақша сөйлеуі тиіс.
Guli Tastan
9 ай бұрын
@bir tamśy... Ондай құлдық санадан арылыңдар, кеш болмай тұрғанда менен кеңес. Россия Федерациясын да орыс тілінде сөйлеп жүрген өзге ұлттың азаматтарына рахмет айтпайды за то что мемлекеттік орыс тілінде сөйлегені үшін.
Erbol Seidazimov
9 ай бұрын
Гули Тастан өте дұрыс айтасың! Қазақша сөйлейтін өзге ұлттарға алғыс айту өзімізді қорлау сияқты...
MEDIC KZ
9 ай бұрын
Айгерім, жасы 35-те, Түрі 25-те Білімі 45-те ❤💋💋💋
baqbergenius
8 ай бұрын
Дауысы - 15-те )
Khorlan Sunkarkyzi
9 ай бұрын
Не деген комплимент😍
Azamat Yersainov
9 ай бұрын
Қонақтардың екеуіне де үлкен РЕСПЕКТ. Біраз мотивация болд. Қазақша ӨМІР СҮРЕЙІК)))
Venera Jakupova
9 ай бұрын
Айгерім апай прям 😃 тігісін жатқызып тұрып, майдалап сөйлейді. Тілге күштілеп тұрып жатып алған. Әдемі. Ұнап отыр ) Яков мырза ♡ сізге жүрек. Мен сізді өмірде танимын. Көргеніме қуаныштымын
Kuralai Kaldybaeva
9 ай бұрын
Бұйырса чиновниктер келетін подкаст болсын 😁👍
snow
9 ай бұрын
Айкерім қазақ тілі жайлы өте дұрыс - мықты айтты! Қызылорданың батыр қызы екені көрініп тұр!
snow
9 ай бұрын
Қызылорда да бәрі қазақша білседе - банкоманттар, цондағы терминалдар дефолтты түрде орыс тілінде тұрады, өзің таңдап аласың қазақ тілін. Қазақи Қызылорданың жағдайы осылай болып тұрғанда - басқа өңірлерді айтпасада боладығо...
Нур Талапова
9 ай бұрын
Өте күшті болды😍 1 сағаттың өзі аз болып қалды ғой) Өзекті мәселелер қозғалды. Жақсы олйар мен тың идеялар айтылды. Қонақтарға респект! Мың алғыс! 🙌
Гүлбаршын Жетібаева
9 ай бұрын
Әр нәрсені өзің еңбектеніп, ізденіп ешкімге ештеңені міндеттеме деген түйін қалыптастырған подкаст болды! Екі тұлғаны басқаша қырынан көріп риза болдым! Рақмет!!!
Khorlan Sunkarkyzi
9 ай бұрын
Күшті подкаст болды😌♥ Әйгерім, Яков сіздерге рахмет қазақ тілінің жанашырлары болып жүргендеріңізге. Нурмахан барлық респект өзіңізге арналады 👏🏻👍🏻
Why'm
9 ай бұрын
Ма Айкерім сияқты тіл жанашырлары көп болса екен, мықты
Azamat Yersainov
9 ай бұрын
Яков красавчик! Қазақша өте жақсы сөйлеп отыр)
KZK
9 ай бұрын
Яков*
Орынбасар Абжалал
9 ай бұрын
"Қазақ мәдениеті әлемге тауар болуы керек" өте орынды айтылды.Яков(қазақша Жақып😅) жарайсыз👍
Assemnur Zharas
9 ай бұрын
Нұрмахан,сіздің ең аз сөйлеген подкастыңыз сияқты) Яков Фёдоровтың қазақшасы керемет👍🏽👏🏽👏🏽🫶🏽
Venera Jakupova
9 ай бұрын
Апайымыз журналист десе журналист, жұлқынып тұр. Дік-дік етіп 😃
Алтынай Салимова
9 ай бұрын
Айкерімнің сөйлеу мәнері керемет. Қазақ тілін жете біледіБілімді, мәдениеті, парасаты,қарапайым.Сондай жақсы көремін. Тыңдай бергім келеді. Аман жүр. Тіл көзден сақтасын
Жанат Отеген
9 ай бұрын
Нурмахан жарайсыз ,пикир калдырып әр кашан лайк басып колдаймын,сол себепті подкаст жасауды токтатпаныз .
Нурай Кемелов
9 ай бұрын
Осындай тақырыптар көп болса аға ! Рахмет сізге ендігіде кітап , тағы пайдалы ақпараттар болса . Пайдалы ақпарат тар өте көп және көбейе берсін .
Dina Paradise
9 ай бұрын
Бізге қазақтар қазақпен қазақша сөйлессін деген ұран емес, ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БІР-БІРІМЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕССІН ДЕГЕН ҰРАН КЕРЕК. АЛҒА ҚАЗАҚСТАН.
isok86 isok86
9 ай бұрын
Айгерімді Қызылордадағы 17 жастар телебағдарламасынан білем, кәдімгі дей есейіп өзгерген, өте керемет, әдемі қыз
Салтанат Чингизовна
9 ай бұрын
Әйкерімнің ойын түсіндім және қолдаймын!
Алтынай Алиханқызы
9 ай бұрын
Ана тілім Қазақ тілім барым жаным Әлемдегі ең адеми тіл Аллаға шүкір 🇰🇿✊
Айым Пиу
9 ай бұрын
Соңына дейін сондай қызығушылықпен тыңдап шықтым, соңында көңілім босап кетті🥹 Сондай керемет жандармен керемет подкаст болып шығыпты, Нұрмахан сізге рахмет, талмай осылай еңбектеніп әртүрлі темадағы подкасттарды шығарып жатқаныңызға!😮💨🔥
Самат Серікбаев
9 ай бұрын
Меніңде жыным келеді, интернеттегі порталда, банкоматта барлық жерде мен неге мен қазақ тілін таңдауым керек, мен ашқанда бірден қазақ тілі тұру керек қой, басқа тілді таңдау тұрсын.
алиман кауаша
9 ай бұрын
өте керемет подкаст болды. арасын ұзатпай жиі жиі осындай пайдалы ақпараттар беріп отырсаңыздар өте жақсы болар еді。👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏 айтарым жоқ тек қана супер 💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪 деп мақтағым келеді
environment
9 ай бұрын
✊🇰🇿✌️Дұрыс айтасыздар барша азаматтар «қазақстандықтар» емес, «Қазақтар» деп аталынуы қажет, себебі Қазақелі бұл басқа елдерге бөлінбейтін УНИТАРЛЫ ел, бір халқы бар, бір тілі де болуы керек! Мысалы, АҚШ Штаттардан құрылған, ал РФ Республикалардан құрылған ФЕДЕРАТИВТІ ел, сондықтан сол жақта бүкіл жерде тек орыс емес, сонымен бірге өзге ұлттардың да тілі болуы керек, және де азаматтардың барлығы «орыстар» емес, «ресейліктер» делінуі қажет...
Адият
9 ай бұрын
Мотивация оте керемет. Сөздік қоры өте дамыған
Еламан Бауыржанулы
9 ай бұрын
Ассаламалейкум Мына подкаст жаксы әрі нақты тусініеті ойға қонымды болды) Улкен рахмет конақтарға, рахмет Нуреке ! Улкен Мотивация болды ! Осындай подкасттар жиі жиі болса Нуреке!
AL
9 ай бұрын
Менің соңғы кезде көп байқағаным 😢 жас ата-аналар өз ара қазақша сөйлейді, ал балаларымен орысша сөйлейді. Өзімнің қызым қазақ тілді. Орыс тілі керек болса өзі үшін үйренеді деп қазақ тілді мектепке бердім. Бұл менің 13 жыл бұрын жасаған таңдауым. Ал менің сол кездегі таныстарым “біз орыс тілін дұрыс білмеген соң қинылдық” деп балаларын орыс мектебіне берді ( сол баяғы 10 жыл бұрын болған жағдай). Ал қазір неге олай? Неге жастар олай ойлайды екен? Қазақ тілінің болашағы бар ма? Қазақ тілі мемлекеттік, халықаралық тіл бола алады ма? Болашақта орыс тілінің жағдайы мүшкіл! Қазірдің өзінде шетелде орыс тілді адамдарға өте нашар көзбен қарайды, осыны қазақстандықтар біледі ма? Әлде “я не интересуюсь политикой» деп жүр ма екееееен? Өте орынды және уақытылы қозғалған тақырып 👍🏻👍🏻👍🏻
Aida Alenova
9 ай бұрын
Осы Нұрмахан ағаның подкастарынан пайдалы дүние көп алдым дами беріңіз ағатай 👏👏👏
MsBambi999
9 ай бұрын
Айкерім қандай сұлу, қандай білімді! In and out 😍 Екі қонақ та ұнады негізі. Осындай талқылаулар күшті ұнайды
Assemnur Zharas
9 ай бұрын
Керемет тақырыптар көтерілді. Білмейтін нәрселер көп екееен…
Алтынай Ырзаева
9 ай бұрын
Дебат болдығой😍 Респект өте керемет жоғарғы деңгейдегі пікір талас👏🏻. Жәй әңгімеден қарағанда осындай форматтағы әңгімелер әлдеқайда пайдалылырақ. Өте жеңіл.
Almaz Kydyrmin
9 ай бұрын
Өте қызықты подпаст, рахмет сізге ✌️
Jyenis Syerikmurat
9 ай бұрын
Делебем қозып денем түршігіп отырып, беріліп көрдім тура ойымдағы ойларымды айтып жатқандай болды. Нұрмахан мырза осындай контеннер көп болсын. Ізденіп көп көремін осындай бағдарлама подкастарды. Моңғолияда болсамда Қазақ тіліне еліне жанашырмын.
Dariga Sakenova
9 ай бұрын
Яков жарайсың👏🏻👏🏻👏🏻
Симоня
6 ай бұрын
Жаным ғой, Яков 😍 Нұрмахан, сізге рахмет! Коменттерге осы кісіні шақырыңызшы деп жазып едім. Өзім сұрап, енді көріп отырмын келгенін 😅 Өте керемет подкаст болды
Наргиза Ерес
9 ай бұрын
Керемет сұхбат болды. Тұлға ретінде ұлтқа, тілге деген жауапкершілікті түсіндік. Осындай контенттерді қолдаймыз
Асылзат Исатай
9 ай бұрын
Әйгерім өте мықты персонаж... Жарайсыз! Аяғына дейін қарадым, жарайсыңдар үшеуіңіз де өте сауатты пікірлер жеткіздіңіздер! Қолым акрил бояу-бояу, бірақ арнай пікір жазыайыншы дегенім ғой...) Достар қазақ тіліне жанашырлар Өлең өндірісі атты каналына шақырамын, қаралым аз, адам тірлкелмегендіктен өлең оқып салуға да ұялыңқырап қалдым....)))) 🙏🙏🙏
Zhayna Satybay
8 ай бұрын
Жақып аға, сізді Жаңаөзендегі кездесуден бері жаныма жақын тартамын:) Ғұмырлы болыңыз🤍
MURATOV
9 ай бұрын
Біздің маңызды проблемалардың бірі дәл осы - тіл мәселесі! Және осыны барынша көтеру қажет.
Баубек Муханбеталин
9 ай бұрын
Яков пен Өркенді шақырып саяхат жайлы подкаст жасауды сұраймыз
Zhayna Satybay
8 ай бұрын
Ияяяя
Balzhan Турабаева
9 ай бұрын
Ияяяя😍😍😍
Жеңіс Мақсатов
9 ай бұрын
Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Құрметті жамағат, әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж бауырымызға көмек қажет болып тұр! Жалдамалы жұмыс жасайтын бауырымыз қазіргі уақытта денсаулығы сыр беріп, жұмысқа шыға алмай отыр. Өмірлік жары да еңбекке жарамсыз. Ал тұрып жатқан үйлері апатты жағдайда екен! Екінші бір бауырымыз, құрығы ұзын азаматтардың қысымымен, қорқытуымен, айла-шарғысымен қиын жағдайға тап болған. Қазіргі уақытта, ағайын-туысынан және үйін кепілдікке қойып қыруар қаржы алып, қарыздары қысуда. Қазіргі жағдайда, өзіне тиесілі болған 40 шаршы метр үйінен айырылу қаупі туындап отырған көрінеді. Оның үстіне қарыз иелері де қысып жатқаны ақиқат. Күнделікті тапқан табысы, отбасының ас-ауқатынан артпай отыр. Бауырларымызға көмек қолын созу мақсатында шот ашып отырмыз! Ешкімге салық салайын деген ойымыз жоқ, әркім мүмкіндігіне қарай (1000, 500, 200, 100 теңге бола ма әркімнің өз қалауы) қол ұшын созса деген ой біздікі. Каспи Голд: 4400 4301 3841 4682 “Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді. Көмекке ашық болыңдар, дұғаларың қабыл болады!” ...Ибн Мажә.................... ...........
Ainur
9 ай бұрын
Әйкерімді қазақ тілі айтқаны үшін 👏👏👏👏👏👏👏
Аsiyusha
9 ай бұрын
Керемет подкаст! Әйкерім жарайсың, сіздің айтқаныңызбен келісемін!
Dina Zhenisova
9 ай бұрын
вау, подкаст тамаша өтті!!!!👍🏿
Nazerke Aytmukhambet
9 ай бұрын
Рақмет, ұнады👍🏻
Aiymgul Kuandykkyzy
9 ай бұрын
Керемет өте қатты ұнады😍
Çaner Tokai_Duluğu
9 ай бұрын
Яков👍🏼👍🏼👍🏼🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Әйгерім супер
Abdulla Alikhanov
9 ай бұрын
Ең біріншіден подкастты - тиктоктан Айгеримнің қазақ тілі жайлы сөйлеген видеосын көрген соң ютубқа кіріп, тауып көрдім. Бұл да бір подкастқа жақсы реклама. - Тіл ол ата-бабадан қалған аманаттың бірі. Сондықтан оған құрметпен қарау әрбір қазақтың міндеті деп ойлаймын. - Айгеримнің сұраған идеясы бойынша, халықпен қалай араласу керек. Мысалға жаңа айтқан министрлік квота, жеңілдіктер тағысын тағы - теледидарға қысқа жарнама ретінде шығаруға да болады. Оңай әрі тез жатталады деп ойлаймын. Подкаст өте информативті шыққан 👍
Zhanara Iskendirova
9 ай бұрын
😍😍😍керемет сухбат Айгерим жарайсыз!
Venera Jakupova
9 ай бұрын
Яков мырза, методика жоқ дегенге, келіспеймін. Шеттен келген біз үйрендік қой, бас аяғы бір жарым жыл ішінде, ешқандай қазақ ортасында өспесек те. Бізге қарағанда, сіздерге анағұрлым жеңіл болуы керек қой . Өмірі естіп жүрген тіл. Айта кетсем, мен қазақшаны Семейде үйрендім 💙
TarlanT
9 ай бұрын
Әй жарайсың! Сендей азаматтарымыз көп болсын. 👍
Ақбота Р
9 ай бұрын
ҚАЗАҚ ТІЛІН КЕҢІНЕН ҚОЛДАП ДАМЫТУДЫҢ БАСПАЛДАҒЫ БОЛДЫ!ТЕК КӨРЕР КӨЗ БОЛСА ЕКЕН ДЕЙМІН! РАХМЕТ КЕРЕМЕТ СҰХБАТ БОЛДЫ!🤗
Venera Jakupova
9 ай бұрын
29 минутқа дейін жақсы болып келе жатыыыыып. Ары қарай таза по чиновничьи болып кетті ғоооой ((( Ешкіді қолдап отырған жоқпын дей отырып. Жағдай жаман емес, жағдай ХАБАР дағыдай дегендей 😀
Алия Азимбаева
9 ай бұрын
Керемет ойларымен келісемін
Жанар Тузелова
9 ай бұрын
Әйгерім ханым, жарайсыз Керемет журналист 👍 Әр қазақ сіз сияқты өз ісінің маманы болса БҰЙЫРТСА біз де ҚАЗАҚ ЭМИРАТЫ боламыз
Женисгул Жанжигитова
9 ай бұрын
подкаст өте жақсы👍🏻
Долат Винни
8 ай бұрын
🇺🇦🇰🇿 Украина победит. Она борется за свою свободу и за свой народ. За свою идентичность и язык. Также жанымдарым казахи учите казахский. Никогда не поздно. Это ради ваших детей, ради вас самих и вашего народа. Без языка нет народа. Мы не должны терять своя идентичность, айдентику. Мне 39. Я как год стала мамой. Я грамотно говорю и на казахском и на русском, также из за любви к работам Хаяо Миядзаки выучила японский. Надо знать много языков, НО без родного языка нас просто НЕТ! У казахов не просто так говорят АНА ТИЛИ. Язык который передается матерью. Я как мать с сыном разговариваю только на казахском. Хотя мой аташка(отец мужа) против. Он советский человек. Вырастил сына и дочь русскоязычными и с непризнью ко всему казахскому. Когда мы с мужем познакомились он думал что и я не разговариваю на казахском. Но я очень хорошо говорю и мыслю. Когда родился мой сын, мой аташка стал говорить что казахский не важен, главное чтоб для моего сына нужен для хорошего будущего русский. Я ТВЕРДО СКАЗАЛА НЕТ! Это мой сын, я его мама и он будет говорить на казахском АНА ТИЛИ. Я понимаю это сложно, 70лет старшему поколению вдалбливали что Русский мир лучший и казахи это второй сорт. Но за 30 лет уже уж надо включить мозги. Если Вы хотите чтоб ваши дети и внуки жили в гармоничной стране надо в первую очередь любить себя, свой род, свой язык, свою страну. И полюбив себя мы сможем полюбить и других. Агрессия это не про Казахстан. Мы всегда помогали всем, наши предки были такими. Потому что они ценили себя и цену жизни. Пока ссср не поменял все понятия. А сейчас правительство России уж совсем стало страной кривых зеркал а у россиян СТОКГОЛЬМСКИЙ СИНДРОМ. Любите себя и свой язык.
Нуржамал Касымова
9 ай бұрын
Осы тілді жастар қолға алу керек жарайсыңдаррр. Тек алғаааа тіл білмейтіндерді жоғарыға жолатпау керек🤔
Жанар Тузелова
9 ай бұрын
Керемет жоба Тақырып актуальный тақырып екен Соңғы секундтарына дейін көріп шықтым Және кішігірім өз ойымды айтып кетейін Қазақ тілінде немесе орыс тілінде қате сөйлеп қойсам елдер күледі, қоғамның дискриминациясына ұшыраймын деген ой әр адамның басындағы өз ойы. Дәл қазіргі заманда сен қате айттың деп күліп, келемеждеп кетпейді Тұшымды ой айтылса, астарлы сөз болса қай тілде болсада тыңдалады
Aknur Spanova
8 ай бұрын
Керемет! 😍😍
Moldir Imanbay
9 ай бұрын
Айгерімнің қазақ тіліне қатыстысы айтқаны ұнайды!
КУБИК РУБИК
9 ай бұрын
Мына кыздын казакша сойлегенине карап казакшага кызыгушылыгым катты ашылып кетти
Асем Шарипбаева
9 ай бұрын
өте жақсы подкаст
ass_18
9 ай бұрын
Мен сабақ барысымен практикада жүрген кезімде, орысша білмегенім үшін пациенттен ұрыс естігенмін. Комплекс пайда болды осы жағдайдан кейін. (Орыс тілінде сөйлейтін клиент келсе не істеймін деген сияқты) Жұмыс жасайын десемде осы тіл кедергі. Қазіргі ортам орыс тілінде сөйлеседі. Осы жаздағы мақсатым орыс тілін меңгеру болып отыр...
GALIYA MEDIA
9 ай бұрын
Сол ортаны қазақша сөйлетуге әрекет етіп көрмедіңіз бе?
Abylaikhan
9 ай бұрын
Өте өзекті тақырып👍🔥
KZK
9 ай бұрын
Жақсы подкаст болды негізі. Кішкене болсын ой түйдік. Бірақ бір қатты ұнамаған жері Яков ағамызға көп сөз берілмеді. Айтатын нәрсесі көп сияқты ағамыздың. Егер де мүмкіндік болса жеке бір подкаст шығарсаныз Яков ағамызбен Нұрмахан аға. Менде Семейден болған соң Яков ағаның айтқан нәрселерін жақсы түсініп отырмын.
erinshek
9 ай бұрын
Яков Фёдоровпен саяхат жайлы шықса!
Sadokat Turakhanova
9 ай бұрын
Айгерім білімді, ойын ашық айтатын керемет қыз👍🏻👍🏻
Azamat Yersainov
9 ай бұрын
Біреумен саяхат туралы подкаст шықса енді…
Алик Медет
9 ай бұрын
Жақсы әңгіме болды . Нұрмахан жарайсың
Ayazhan Akhmet
9 ай бұрын
Яковв ағаай жарайсыыз😍👏👏👏
Akseleu Maksat
9 ай бұрын
Айгерімнің ханымның монологын тыңдаған сияктымын
Aizhan Alseitova
9 ай бұрын
🔥🔥🔥 керемет подкаст болды
Saltanat Gappar
9 ай бұрын
Яков мырзаға ризамын.
Kuandyk
9 ай бұрын
Жаксы сұқпатқа тап болдық.. қазақ халқымыз өкпелі и өтпелі кезендерден өтіп келе жатырған секілді.
Kumbat Bolat
9 ай бұрын
Күшті керемет 👏👏👏👍👍👍
Saltanat Gappar
9 ай бұрын
Босанған әйелдерге, әсіресе тым ерте, немесе мүгедектігі бар бала босанған аналарға жүйелі психологиялық көмек мәселесін көтеру керек дер едім. Айкерім Есенәлі видео астына пікір қалдыруға болады дегендіктен жазып отырмын.
Zhansaya Baikonyrova
9 ай бұрын
Подкастты конактар оздери ак алып шыкты , жаксы такырып👍
Салтанат Мамутова
9 ай бұрын
Ұнады. Рақмет
Zhayna Satybay
8 ай бұрын
Қазақша контент үшін көп рақмет🤍
Balzhan Турабаева
9 ай бұрын
Өркен ағай күштіі, тағы шақырыңызшы
Timur Qosibaev
9 ай бұрын
Яков Фёдоров👍👍
Салтанат Чингизовна
9 ай бұрын
Нұрмұханға да рахмет!
Гулдана Жакашбаева
9 ай бұрын
Айгерім Есенәлі 🔥
Aida SS
9 ай бұрын
Нұрмахан сіздің әр сұхбатыңыз ерекше,ойы бар 👍🏾👍🏾👍🏾
Ast
9 ай бұрын
Мемлекеттік тіл түгел жерде кең қолданылу керек бүкіл елімізде, кез-келген сайт, қосымша мемлекеттік тілде автоматты тұрды ашыла керек.
Syrly Saryn
9 ай бұрын
Өте пайдалы болды
Uljan Aitbai
9 ай бұрын
Керемет ұнады
Kumbat Bolat
9 ай бұрын
✊✊✊💪💪💪🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Bibi miko
9 ай бұрын
Вот керемет подкаст
ASN2021 Moigod
9 ай бұрын
Айкеріммен толық келісемін және қолдаймын. Жарайсың Айкерім!!!
Жанерке Жолдекешова
9 ай бұрын
Осындай айтары бар кісілерді көп шақырсаңыз
Алаш Орда
9 ай бұрын
Осы кыз унайды...Айкерим нагыз казаки минезди кыз адеми билимди стильный.... Осындай болу керек казактын кыздары
Aidana Zhetenkeeva
9 ай бұрын
🇰🇿Пікірсайыс 🔥🔥🔥
Еркебұлан
9 ай бұрын
Айкерімнің Рудныйды засудить еткені болмаса, былайынша азаматтық позициясы , сырт келбеті , ойы ұнайды )
Aias Adamkhan
7 ай бұрын
Сұхбат керемет болды
Ulmeken Zhanabekkyzy
9 ай бұрын
Саяси сауатты болғым келеді. 😍
Коke Koke
9 ай бұрын
Яков красавчик қазақшасы жақсы екен
Venera Jakupova
9 ай бұрын
Мемлекет қызметкерлерінің ішкі уставы жайында, рас. Ол уставтар тек шенеуніктерге ғана емес, бюджет жұмысшыларына да қатысты. Бәрін қысып қойған. Мұғалімі де, дәрігері де. Не дінің жоқ, не тілің жоқ. Жалпы таңдауың жоқ...